Өскемен қаласының тұрғындары атынан онлайн-несие алған кибер-алаяқ ұсталды

401
көрілім

Полиция қызметкерлері кибер-алаяқтықпен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны бірнеше өскемендікті арбауына түсірген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды.

– Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушілермен таныс екендігі анықталды, - дейді ШҚО Полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. – Ер адам таныстарының сеніміне кіріп, құжаттарының көшірмелерін жасатып алған. Кейін оны онлайн-несие алу үшін микроқаржы ұйымдарына тапсырады.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.