Өскемен мектептерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда

475
көрілім

Қала әкімі Жақсылық Омар білім нысандарындағы жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

17 тамызда Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірнеше қалалық мектептерді аралады. Мысалы, Меновновская орта мектебінде жаңа оқу маусымына дайындық жалғасуда. Онда мектеп спорт залы түбегейлі өзгертіліп, жылу жүйесі жөнделген.

Айта кетейік, 2020 жылы Меновновская мектебі күрделі жөндеуден өтті, оның аясында нысанда бейнекамералар, заманауи шамдар мен пластикалық терезелер орнатылды, балаларға арналған жаңа су құбырлары мен су бұрқақтар орнатылды, мектеп шатыры жөнделіп, электр сымдары жартылай ауыстырылған еді.

Ал биылғы жылы №33 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігердің айтуынша жұмыс қысқа мерзімде аяқталады.