Өскемен полицейлері заңсыз шырша саудасының жолын кесіп жатыр

313
көрілім
Фото:tolqyn.kz сайтынан

15-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шара қылқан жапырақтыларды заңсыз кесу, тасымалдау және сату фактілеріне жол бермес үшін ұйымдастырылған.
Өскемен қаласының Сол жағалауындағы ЖПБ учаскелік полиция инспекторлары рейдтер кезінде шыршалардың заңсыз сату фактісін тіркеді. Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгіленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы баптың санкциясы ескерту жасап,  5АЕК көлемінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.