Өскемен тұрғыны гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған

275
көрілім

Қазан айының 14-і күні «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есіртік жасырған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде 59 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

- Оның гаражын тінту барысында «Toyota» автокөлігінің жүксалғышынан жасыл түсті 7 түп өсімдік және жасыл түсті өсімдік заты бар бір полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған өсімдік жалпы салмағы - 464,39 гр кептірілген марихуана болып шықты.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 3-бөлігіне (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.