Өскемен тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінен күзен тауып алды

361
көрілім

Қазіргі уақытта арнайы еріктілер тобы  жануардың иесін іздестіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
–  Тұрғын үйдің  кіреберісімен келе жатқанымда бұрышта әлдене отырғандай болды. Жақындай түсіп, оның күзен екенін аңғардым. Кейін жануарды пәтеріме әкеліп, ветеринарлық емханаға қоңырау шалдым, – деді Өскемен қаласының тұрғыны Андрей.
Ветеринарлық емхана қызметкерлерінің көмегімен күзенді иесіз қалған жануарлармен айналысатын арнайы мамандар алып кеткен.
Андрейдің айтуынша, сол маңдағы үйлердің тұрғындарымен тілдесіп, күзен жайлы сұрастырған. Бірақ жануардың иесі жайлы ешкім білмеген. Айта кетерлік жайт, жабайы аң айбат шегіп, өзін тауып алған адамды тістеп үлгеріпті.
–  Әрине, мұндай жағдайда бірден  зоотехниктерге жүгінген дұрыс. Енді біз күзеннің екпе алған-алмағанын білу үшін иесін тауып көрмекпіз, – деді  «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау бөлімінің төрайымы Лариса Прокопьева.
Егер кез-келген қала тұрғыны  күзеннің иесі жайлы ақпарат білсе,  мына нөмірлерге қоңырау шалуға болады:
8-776-224-46-64 (Андрей), 8-705-235-76-98 («Дворянин» ЖҚҚБ).