Өскемен тұрғынының көлігі Ертіс өзеніне ағып кетті

255
көрілім
Фото: inbusiness.kz сайтынан

Өскемен қаласы тұрғынының тұраққа дұрыс қоймаған көлігі Ертіс өзеніне сырғып, ағып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Самал саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан.

«Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан «Subaru Impreza» маркалы көлікті байқады. Сүңгуірлер көліктің ішін қарап шықты, онда адам болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Кейіннен белгілі болғандай, қала тұрғыны көлігін тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Соның салдарынан көлік Ертіске қарай сырғып кеткен.