Өскеменде 2019-2020 жылғы қысқы маусымның ашылуы өтеді

474
көрілім

21 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Алтай» стадионында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қысқы маусымның салтанатты ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін стадионда күні бойы шаралар өтеді. Шарада облыстың үздік мәнерлеп сырғанаушылары өз өнерлерін көрсетеді. Отбасылар үшін «Әкем, шешем және мен» көңілді спорттық жарысы өтетін болса, кішентай қонақтардың көңіл күйін ертегі кейіпкерлері көтеретін болады. Балалар хоккей командалары «Үздік команда» атағы үшін бақ сынасады.

Сондай-ақ ыстық тамақ, дискотека және жаппай конькимен сырғанау да ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар қалалықтар мен қонақтарды облыс орталығында өтетін мерекелік шараға қатысуға шақырады.

Қатысушылар ШҚО Туризм және сыртқы байланыс департаментінің Insagram-дағы @turizm_eastkz парақшасына тіркелген болуы шарт. Сондай-ақ байқауға қатысуға ниеттілер іс-шара өтетін жерге келіп тіркеле алады. Байқау нәтижелері бойынша жүлделер мен жеңімпаздар теледидар, ноутбук, кіржуғыш машина және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Анықтама үшін телефон: 8 7232 71 32 45.