Өскеменде 31 желтоқсанда ерекше марафон өтеді

198
көрілім
Фото:kzngo.ru сайтынан

Қала әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында өтетін әртүрлі қызықты іс-шаралардың бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сағат 12:00-де  «Боран» спорттық  клубының жетекшілігімен Республика алаңында жүгіруден жарыс өтеді.
Жарысқа кез-келген адам қатыса алады. Сондай-ақ жаңажылдық костюмдерді киіп келуге болады. Бақ сынау үшін +77071734245 (Қуаныш) телефоны арқылы тіркелу қажет.
- Қатысушылар Республика алаңынан бастап, «Микен» дүкені, «ADK River» сауда үйінің жанынан өтіп, Ертіс көпірінің бойымен жүгіріп, Сәтпаев даңғылы, 50б мекенжайы аумағында мәреге жетеді, - деді ұйымдастырушылар.
Ал 31 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де бастап Республика алаңы мен «Өскемен» аллеясында концерттер мен байқаулар өтеді.
Түнгі сағат 1:00-де керемет отшашу болады.