Өскеменде 3Д көрмесі ашылды

336
көрілім

Шығыс Қазақстан Өнер музейінде 3Д суреттер көрмесі ашылды. Көрменің ерекшелігі сіз тек суреттерді көріп ғана қоймай, суреттердің кейіпкері бола аласыз, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Көрменің ашылғанына ұзақ болмасада келушілер саны күн санап арта түсуде. Көрмедегі суреттердің басым бөлігі балалардың сүйікті кейіпкерлері болғандықтан көрменің басты қонағы бүлдіршіндер болып отыр.

Ерекше көрменің ережесі бойынша суретіңіз сәтті шығу үшін суреттегі кейіпкерлердің әрекетін қайталау керек екен. Бұл көрме Өскемен қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрме қазан айының 31не дейін жұмыс істейді. Көрменің сүйікті кейіпкерлері жас достарды асыға күтеді.

Мекен-жәйі: Тоқтаров көшесі 56. ШҚО Өнер музейі.