Өскеменде 500 орындық мешіт салынуда

1552
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді. Жібек маталар комбинаты ықшамауданының тұрғындары үшін оң жаңалық аңдатпа емес, алдағы уақытта ақиқатқа айналуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, осыған дейін облыс орталығындағы Жібек маталар комбинаты (ЖМК) ықшамауданында мешіт салынатындығы жөнінде мақала ұсынған болатынбыз. Сол пікірімізді шаһар басшысы растап, құрылыстың басы-қасында болғандығын жеткізді. Жалпы, облыс орталығында Халифа Алтай мешітінен бөлек, тағы төрт мешіт бар екендігін айта кеткен ләзім. Толығырақ кестеде:

Мешіт атауы

Мекенжайы

1

Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешіті

Сәтпаев даңғылы, 90

2

Өскемен қаласының Орталық мешіті

Қазақстан көшесі, 61

3

Мұхамади мешіті

Пермитин көшесі, 27/1

4

Защита мешіті

Вострецов көшесі, 10

5

Күнт Хаджы мешіті

Загородная көшесі, 177/2

Ендеше алдағы уақытта бұлардың қатары тағы бір мешітпен толықпақ.

– Қалада 500 жамағатқа арналған жаңа мешіт салынып жатыр. Мешіт Уәлиев көшесінің бойында орналасады. Құрылысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Бас мердігер – «DK Proekt» ЖШС. Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін салынып жатқан мешітті көріп қайтты. Оған құрылыс жұмыстарының барысын таныстырдым, – деп жазады Жақсылық Омар өзінің парақшасында.