Өскеменде 70-ке жуық неке тіркелді

97
көрілім

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалында 2024 жылдың 24 сәуірінде жылдың төртінші сәтті, әдемі күнінде 67 жұп жас жұбайлар үйленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Филиал мамандары жас жұбайлар үшін үйлену күні әдетте өте маңызды екенін атап өтті.

- Сәтті, әдемі күндердегі үйлену тойы көптеген жылдар бойы бақытты өмірді уәде етеді деген ұғым бар. Биыл әр айдың 24-ші күні сәтті, әдемі күн болып саналады, - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның АХАТ басқармасының басшысы Әлия Крықпаева.
Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы тиіс. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда өткізуін немесе өткізбеуін таңдай алады.
​Айта кетейік, соңғы рет некені тіркеу рәсімі 24 ақпан – 24.02.2024 жылы некені заңдастырғысы келетіндерге ерекше сұранысқа ие болды. Бұл күні 15 жұп тіркелді.