Өскеменде Абай даңғылындағы көпқабатты үйдің қабырғасына жаңа сурет салынуда

645
көрілім

Облыс орталығының Абай даңғылындағы көпқабатты үйдің қабырғасында жаңа сурет салына бастады. Қала тұрғындары мұны жаңа стрит-арт нысаны деп айтуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қала тұрғындары Абай даңғылы, 1 мекен-жайындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғасында адам бейнесінің пайда болғаны туралы суретті«Instagram» әлеуметтік желісіне жарыса салуда. Өскемендіктер қазірдің өзінде бұл суреттен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевты танып жатыр.

Естеріңізге салсақ, мұндай алып сурет жақында Тәуелсіздік даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің қабырғасында салынған еді. Алматыдан шақыртылған суретшілер ол кезде белгілі өскемендік хоккейші Талғат Жайлауовтың суретін салған болатын. Ол кезде қала әкімдігіндегілер алдағы уақытта салынатын суреттің жайын құпия ұстаған еді. Енді, міне, белгілі болды!