Өскеменде аквапарк салынуы мүмкін

265
көрілім

Бұл туралы ұсыныс облыс орталығында өткен инвестициялық форумда айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік алаң тек мемлекеттік инвесторлар үшін ғана емес, жеке инвесторларға да арналған.

Форумда айтылған бұл ұсыныс қалалықтардың көңілінен әбден шығуы мүмкін.

– Қалада теңдесі жоқ аквапарк жобасын ұсынамыз. Ол үшін келушілерге қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастыру қажет, – деді жеке кәсіпкер.

Үлгі ретінде АҚШ-та орналасқан ең ұзын су сырғанағын алу ойы айтылды. Аквапарктан басқа экстремалды ойын-сауық алаңында мототрек пен зорбинг болмақ.

Өскемендіктер аквапаркті көптен бері аңсауда. Әлеуметтік желіде шаһар тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, көпшіліктің тілегі осы нысан екендігі анықталды. Енді тек бұл жұмысты қолға алатын кәсіпкер табылса болғаны.