Өскеменде атақты жерлестеріміз туралы кітап шығады

297
көрілім

2017 жылдың 17 қарашасы күні сағат 12.30-да қалалық орталық кітапханада қаламыздың мақтанышына айналған өскемендіктер туралы кітаптың тұсаукесері болады. «Қала оларды мақтан тұтады» – мұғалімдер мен кітапханашылардың өлкетану сабағын жүргізуге арналған оқу құралы.

Жинақта республикалық «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында үздік 300-дің ішіне кірген адамдар туралы мақалалар бар. Олардың қатарында облыстағы екі ГЭС-ті басқарып отырған Юлия Курий, қолдың көмегінсіз сурет салатын суретші Сергей Елисеев, 40 градус аязда қуат өндіруге қабілетті жел генераторын ойлап тапқан Альмира Жилкашинова бар. Кітап кейіпкерлері ішінде жазушы Александр Егоров, спортшы Дмитрий Рейхерд, әнші Евгений Выблов және тағы да басқалары бар. Мақала авторлары журналист Вера Лазарева, қалалық орталық кітапхананың кітапханашылары Ирина Каланчина мен Самара Саттарова сөз сөйледі.

«Қала оларды мақтан тұтады» – кітапхана шығарып отырған танымал жерлестер туралы екінші жинақ. «Даңқты қаладағы танымал адамдар» атты бірінші бөлімі 2017 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан.

Ирина Плотникова