Өскеменде автобус аялдамадағы дүкенге соғылды

292
көрілім

Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апаты 16 желтоқсан күні Назарбаев даңғылында орын алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Кеше қала тұрғындары отырған қоғамдық көлік жол апатына түсті. Спорт сарайы аялдамасынан Ушанов алаңына бет алған автобус көктайғақтың салдарынан қарсы бағытқа айналып кеткен. Көлік тоқтаған кезде дүкенге соғылады. Зардап шеккендер болған жоқ. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, жолдағы апатқа тайғанауға қарсы материалдардың жетіспеушілігі себеп болған.