Өскеменде автобус әйелді қағып кетті: Жәбірленушінің жағдайы ауыр

1103
көрілім

Жәбірленушінің жағдайы туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Аталған оқиға маусым айының 8-і күні кешкі қарбалас уақытта трамвай аялдамасы орналасқан Абай даңғылы мен мен Михаэлис көшесінің қиылысына жақын жерде болды. Жаяу жүргіншіні №38 автобус қағып кеткен.
- Жәбірленуші облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді. Ауыр халдегі әйел жансақтау бөлімінде жатыр, - делінген мәліметте.
Асинат МУРТАЗАЛИЕВА