Өскеменде балаларды оңалту орталығы уақытша жабылды

888
көрілім

Өскемендегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бір ай уақыттан бері балалар қашықтан оңалтудан өтіп келеді. Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 150 бала оңалту және әлеуметтік бейімделуден өтеді. Күн сайын балаларға физиотерапия сессиялары, бассейндегі сабақтар, сонымен қатар дефектологтар мен логопедтермен жұмыс қажет. Алайда бір айға жуық уақыт бойы ата-аналар балалармен бейнероликтер бойынша өз бетінше айналысуға және бейне-чат бойынша орталық мамандарымен кеңесуге мәжбүр.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев балаларының жағдайына алаңдаушылық танытқан ата-аналармен кездесу өткізіп, қашықтан оқыту шектеу шараларына қарай жасалған мәжбүрлі қадам әрі қажетті шара екенін түсіндірді.