Өскеменде бірнеше адам гипотермияға ұшырап, біреуін үсік шалды

402
көрілім
Фото:turkystan.kz сайтынан

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан қыс басталғалы адамдарды үсік шалу оқиғалары тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Желтоқсанның 8-нен бері жедел жәрдем қызметі бірнеше адамды ауруханаға жеткізді. Оның екеуі гипортемияға ұшыраса, тағы бір адамды үсік шалып, ауруханаға жатқызылған.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы көбінесе адамдардың мұрнын, бетін және құлағын бірінші үсік шалатынын еске салды.
Үсіктің негізгі белгілері: тері бозарып, сезімталдықты жоғалтады және ауырсыну пайда болады.
«Суық ауа райында балалар ерекше бақылауды қажет етеді, - деп атап өтті облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың травматология бөлімінің меңгерушісі Рафаэль Гафуров. - Себебі балалар ерексектерге қарағанда аяз белгілерін байқамай, қажетті реакция бермеуі мүмкін».