Өскеменде бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

755
көрілім
Бүгін сағат 10.00-де Өскемен қаласындағы «Жастар» саябағында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шараға 40-тан астам мекемелер келіп қала тұрғындарына жұмыс ұсынбақ. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жәрмеңке жұмыссыз адамдар үшін жаңа мүмкіндік болып отыр. Айта кету керек, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ