Өскеменде дәрігерлер тротуарларды тазалауда

325
көрілім

Облыс орталығында медицина қызметкерлері «Мейірімділік жаса» акциясын бастады. Акция аясында олар жақын орналасқан аялдамалар мен тротуарларды қардан тазартты, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

- 22 желтоқсан күні Ана мен бала орталығында «Мейірімділік жаса» акциясы өтті, деп хабарлады Ана мен бала орталығындағылар. - Бұл эстафетаны облыстағы медициналық бірлестіктерге таратамыз.

Медициналық бірлестік өз кезегінде эстафетаны мамандандырылған медициналық орталыққа тапсырды.

Сондай-ақ дәрігерлер қалалықтарды акцияға қатысуға шақырады.