Өскеменде екі автокөлік пен трамвай соқтығысты

373
көрілім

Бүгін таңертең Абай даңғылында трамвай жолдары жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Таңертең Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысында екі автокөлік пен трамвай соқтығысты. Куәгерлердің айтуы бойынша, Toyota көігінің жүргізушісі солға бұрылып №3 бағыттағы трамвайды өткізіп жібермек болған. Сол мезетте Skoda көлігін тізгіндеген жүргізуші Toyota көлігін басып озбақ болады. Осылайша жол апаты орын алған.  Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.