Өскеменде экспедитор жұмыс берушісінен 2,5 млн жымқырып кетті

675
көрілім

Күдікті тауардың ақшалай түсімді жинап, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшыларына шаһардағы көтерме сауда компаниясының директоры келіп шағымданған.Оның сөзінше, аталған ұйымда бұрын экспедитор болып жұмыс істеген ер адам түскен ақшаның бәрін жымқырып кеткен.

– Полицейлер тексеріс барысында бұрын сотталған 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол сауда нүктелеріне тауардың барлығын жеткізген соң бар ақшаны алып, қашып кеткен, – дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айым ДҮЙСЕНБИНА