Өскеменде ертең құтқарушылар балаларды өз техникаларына отырғызып қыдыртады

341
көрілім
Фото:ortcom.kz сайтынан

Аталған шара «Самал» саябағының автотұрағында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтамақ. Шара барысында балаларға қауіпсіздік викторинасы ұсынылады. Кейін кішкентай құтқарушылар  арнайы көлік техникасына отырып саябақты айналып серуендейді. Іс-шараға ертегі кейіпкерлері де қатысуы мүмкін.
Басталуы –сағат 15:00-де.