Өскеменде «Happy children» марафоны өтеді

495
көрілім
Шартты сурет

Ұйымдастырылып отырған шара Балалар жылы мен Спорт күніне арналған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында «Happy children» марафоны өтеді.

Марафон 19 тамыз күні сағат 9:00-12:00 аралығында болады. Қатысушылар интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштен бастап, мәре соңын Даңқ мемориалында аяқтайды.

Қатысуға өтінімдер 19 тамыз күні марафон басталатын жерде, яғни жауынгер-интернационалистер ескерткіші маңында қабылданады.