Өскеменде қайталама нарықтағы баспана бағасы 30 пайызға дейін қымбаттады

524
көрілім

Өскемен қаласында соңғы бір жылда екінші реттік қайталама нарықтағы баспана бағасы 30 пайызға дейін қымбаттады. Сонымен қатар жаңа баспананың құны да баяу өсуде, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі.

Ұлттық статистика бюро мәліметіне сәйкес 2023 жылдың қаңтарында қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 29,4 пайызға артқан. Ал 2020 жылмен салыстырғанда баға 76,9 пайызға өскен.
Жаңа баспананың құны бір жылда 16,8 пайызға, 2020 жылмен салыстырғанда 31,7 пайызға қымбаттаған.
Облыс орталығында жаңа тұрғын үйді жалға алу 2023 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың қаңтар айын салыстырғанда 25,2 пайызға, ал 2020 жылға қарағанда 48,9 пайызға өсті.
Қазақстанда орта есеппен бір жыл ішінде қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 18,7 пайызға, “баспаның бастапқы құны” 16,8 пайызға қымбаттады.

Замира Сүлейменова