Өскеменде қайырымдылық акциясы өтті

276
көрілім

Іс-шараға қатысушылар «Колос» дүкеніндегі «Қайырымдылық сөресін» азық-түлікке толтырды деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Жастар Кеңесі мен жастар мәслихатының депутаттары «Колос» супермаркетіндегі халықтың аз қамтылған бөлігіне арналған «Қайырымдылық сөресін» макарон, консерві және нан өнімдерімен толтырды. Азық-түлік алуға келген қала тұрғындары қайырымдылық акциясының өту барысын тамашалады. Кейбіреулері акцияға қатысуға да ниет білдірді. Нәтижесінде «Қайырымдылық сөресі» лық толды.

— Жастар Кеңесінде қаланың ірі кәсіпорындары да бар. Бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті сатып алуға барлық адамдардың шамасы келе бермейтінін түсінеміз. Сондықтан біз мұқтаж жандарға көмектескіміз келеді. Акцияның тұрақты түрде өтіп тұруына барлық күшімізді саламыз,- деді Жастар Кеңесінің төрағасы, «ӨМЗ» АҚ қызметкері Михаил Байтеряков.

«Қайырымдылық сөресі» акциясын апта сайын өткізу жоспарланып отыр. Егер игі іске қала тұрғындары да ат салысатын болса, акция тек «Колос» супермаркетінде ғана емес, қаланың басқа да дүкендерінде өткізіледі.