Өскеменде кене шағудың алғашқы фактілері тіркелді

167
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Қолайлы ауа райының орнауына байланысты кенелердің белсенділігі артты, деп хабарлайды Buqara.kz  тілшісі.

ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басталуымен өңірдің эндемиялық аймақтарында 6 адам кене шағуынан зардап шекті. Оның ішінде: Өскеменде 5, Катон- Қарағай ауданында 1 адам.
- Алты адамның барлығы профилактикалық мақсатта иммуноглобулин алды. Бүгінгі күні облыстағы медициналық ұйымдарда иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті, - деді ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев. 
Сондай-ақ департаментте кенелердің кене энцефалитінің ғана емес, басқа да инфекциялардың (кене сүзегі, кене боррелиозы) тасымалдаушысы екенін атап өтті.