Өскеменде көгалдандыру жобасына қосымша көшелер енді

261
көрілім

Шенеуніктердің сөзінше, жаңа ағаштар мен гүлзарлар Сәтпаев даңғылы, Жібек жолы және Тоғас көшелерінде отырғызылмақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге жиі жауған жаңбыр кедергі  болғанын айтады.
Маусым айының басында коммуналдық қызметкерлер орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп 14 499 түп гүл еккен. Ал ағымдағы жылы облыс орталығы көшелеріне 706 944 дана гүл отырғызылады деп жоспарлануда.
Бұған қоса 2019-2020 жылғы көгалдандыру жобаларының ішінде Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы, Тоғас көшелері, Ертіс көпірі мен „Өскемен — Семей“ тасжолы маңы абаттандырылмақ.
Алдағы уақытта 2752 түп жапырақты және қылқан жапырақты тұқым ағаштар отырғызылмақ. Сонымен қоса бас алаңда 211 683 шаршы метрге газон төселеді.