Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

226
көрілім

Қыркүйек айының 29-30 күндері Өскеменде  «Туған жер – алтын бесігім» жобасы  аясында «Күршім ауданының мәдени күні» өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
29 қыркүйек күні
-  сағат 11.00-де Арбатта - 80 жылдардағы ретро әндерден концерт, «Күз сыйы» дастархан көрмесі;
- сағат 18.00-де «Ертіс концерт» залында  Күршім ауданы өнерпаздарының Гала – концерті.
30 қыркүйек күні
-  сағат 8.00 - ден бастап "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, Күршім ауданы әртістерінің концерті, түрлі спорттық іс-шаралар (армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, палау, бауырсақ және ыстық шай тарату) өтеді;
- сағат 10.00-де «Алтай» стадионында аудан тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді, Қажымұқан атындағы «Жекпе-жек» сарайында волейболдан жарыс өтеді.
Күршімдіктердің өнерін тамашалауға асығыңыздар!
Арзан бағамен ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға келіңіздер!