Өскеменде мердігер жұмыс барысында жаңа тұрбаның орнына ескісін салып жібермек болған

398
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменде мердігер қалалық жылу желілерін жөндеу кезінде ескі тұрбаларды қайта салып жібермек болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шала-пұла жұмыс бірден байқалды. «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамы ұсынған дерекке сүйенсек, мердігер ақша үнемдеу мақсатымен ескіні жаңа деп, белгілі бір сомманы қалтаған баспақ болды.
Қызығы сол, зертханалық тексеріс қорытындысында ешқандай ақау көрінбеді. Алаяқтық облыстық экономикалық зерттеу департаменті өкілдерінің араласуы кезінде анықталды.
– Мамандардың кәсіби жұмысы мен «Өскемен жылу желілері» өкілдерінің араласуы нәтижесінде сапасыз құбыр салынудың алдын алды. Сөйтіп, қала тұрғындарының игілігі үшін жаңа жылу жабдығы орнатылды, – делінген желу желілері ұсынған мәліметте.