Өскеменде өрт сөндірушілер 2 адамды өрттен құтқарды

326
көрілім
Фотосуреттер - ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Өскемендегі Вострецов көшесіндегі тұрғын үйдің 2 қабатындағы пәтерден шыққан қызыл жалын лезде дүние-мүлік пен жиһазға жайылған. Тұтанған отты байқаған кейбір көршілер жалын ортасынан өз күштерімен құтылып шыққан. Түтіннен шыққан иіс газына  уланған  әйелдердің біріне «Апат медицинасы орталығы»  алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдай департаментінің өкілдері оқиға орнына келіп жеткенше жалын үстіңгі қабатқа дейін жайылып үлгерген. Қою түтіннің әсерінен жоғарғы қабаттағы ер адам мен әйел өрттің ортасында қамалып қалады. №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоғарғы қабаттарға шығып зардап шеккендерді құтқарды.

Кейінірек өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тағы 2 адамды құтқарғандығы белгілі болды.
Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 20 шаршы метр жерді қамтыған. Өрттің шығу себептері анықталуда. Айтып келмеген апатты ауыздықтауға 5 техника мен 25 өрт сөндіруші жұмылдырылды.