Өскеменде пластикалық бөтелкелерден жасалған шырша орнатылды

322
көрілім

«Эко-шырша» акциясы аясында облыс орталығындағы Экология департаментінің алдында ерекше шырша бой көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Эко-шырша бөтелкелерді жинау мен қайта өңдеуді білдіреді. Көрген жандар бұл қалдықтар қоқыс жәшігінде жатпасын деп ойлауы керек, - дейді ШҚО Экология департаментінің баспасөз хатшысы Елена Полянцева.

Шыршаны жасауға 400-ден астам бөтелке қолданылған.

«ЭкоВосток- Лидер» компаниясының директоры Динара Әкімжанованың айтуынша, шырша Жаңа жылдан кейін Павлодар қаласына өңдеуге жіберіледі.