Өскеменде полиция қызметкерлері жол кептелісінің себебін түсіндірді

290
көрілім

Кеше Бажов көшесінде үлкен жол кептелісі орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

25 желтоқсан күні, яғни кеше Назарбаев даңғылы мен Бажов көшесінің қиылысынан Прохладный ауданына дейін көлік кептелісі орын алды. Жол бойында көлденеңнен тұрған жүк көлігі автобустар мен көліктерді бір сағаттан астам уақыт жолда бөгеген. Кептеліс салдарынан аталған қиылыстан жолаушылар Самал ауданына жаяу кетуге мәжбүр болды.

- «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бажов көшесінің бойымен келе жатып бұрылысқа келгенде рөлге ие бола алмай қалған. Оған жолдың жағдайы, қар, мұз себеп болды. 30 жастағы жүргізушіге қолайсыз ауа райын ескермегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 620-бабы 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.