Өскеменде сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтардың жартысынан көбі қауіпсіздік талаптарына сай емес

456
көрілім
PapaMamaJa.RU

Жыл басынан бері Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда желісіндегі ойыншықтардың алпыс үлгісін сынақтан өткізіп, оның отыз екісі денсаулыққа зиян екенін анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшсі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

- Ойыншықтарды тексеру барысында иіс, бояғыш зат, сондай-ақ формальдегид және изобутил спиртінің техникалық нормаларының жоғары екені анықталды. «Ойыншықтары талапқа сай келмейтін 16 сатушы мен жеткізушіге қатысты ұйғарым шығарылды. Ұйғарым бойынша, заң бұзушылықты жою және оны уақытында орындау керек. Сондай-ақ, 4 айлық қорытынды бойынша, бір кәсіпкерге сот арқылы 70 АЕК көлемінде айыппұл салынып, төрт кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жіберілді», - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Альмира Манкутова.