Өскеменде «Сергек» камераларынан бюджетке миллиард теңгеден астам «пайда» түскен

375
көрілім
Шартты сурет

Тәртіп сақшылары «Сергек» бейнебақылау жүйесімен қанша бұзушылық анықталғанын, бюджетке қанша айыппұл түскендігімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы шаһарда «Сергек» камерасы 119 634 бұзушылық анықтады. Одан түскен қаржы 1 187 781 023 теңге болса, соның 867 867 719 теңгесі өндіріліп алынды.
Жалпы, «Сергек» жүйесі жыл басынан бері 95 504 540 теңге сомасын құраған 11 191 бұзушылық тіркепті. Берілген ақпаратқа сәйкес соның 63 340 064 теңгесі өндірілді.