Өскеменде тағы екі көше жолдары кеңейтіледі

297
көрілім

Кеңейту жұмыстары биылғы жылы Меновное ауылындағы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Тұрғындармен есептік кездесу барысында қала әкімі Жақсылық Омар ағымдағы жылы белгіленіп отырған бірқатар жұмыс жоспарларымен бөлісті.

- Құрылыс жұмыстары Меновное ауылында басталады, - деп айтып өтті Жақсылық Мұқашұлы. - Дәлірек айтсақ Ярославская және Шоссейный тұйық көшелерінің жолдары жөнделіп кеңейтіледі.

Сонымен қатар қала басшысы атылмыш ауылдағы басты көшені жөндеу жұмыстары да биыл аяқталатынын айтып өтті.