Өскеменде Ұлан ауданының жәрмеңкесі өтеді

460
көрілім

Осы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Ұлан ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қазан айының 7-і күні сағат 8:00-де басталады.