Өскеменде Жамбыл атындағы саябақ аумағында сенбілік өтті

284
көрілім

“Таза Қазақстан” экологиялық республикалық акциясы аясында жыр алыбының есімі берілген саябақ маңы абаттандырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Ақтайдың айтуынша, осы шараға бастама білдіргендер дер кезінде ұсыныс жасады. 
- Жыл сайын өзімізге тиесілі аумақта сенбілік өткіземіз. Осы жолы да солай. Өзім Пушкин атындағы кітапханада жұмыс істеймін. Бүгін тұтас ұжым болып, Жамбыл атындағы саябаққа келдік. Бірқатар мәдениет саласының өкілдері де атсалысуда, - деді ол.
Көпшілік ауланы қоқыстардан тез-ақ тазалады. Кітапхана өкілдерінің сөздерінше, қашан да осындай акцияларды қолдауға әзір. Одан бөлек, қалалықтарға таза әрі тынығатын әдемі орын сыйлауды мақсат еткен.
Облыстық Жас көрермен театрының көркемдік жетекшісі Едіге Қайыртайұлының айтуынша, тазалық бар жерде мәдениет қалыптасады.