Өскемендегі 20-шы ықшам ауданына электр желісі тартылды

311
көрілім

Өскемен қарқынды түрде кеңйіп келеді. 20-шы ықшам ауданында 851 жер учаскесі бар, оның 161 бүгінде игеріліп қойған. Алайда коммуналдық желілердің жоқтығынан онда құрылыс жасау, өмір сүру мүмкін емес болатын. 2017 жылдың 30 қарашасында ШҚО әкімі Даниал Ахметов электр желілерін тартуға орай ықшам ауданның тұрғындарымен кездесті. Электр жарығы уәде етілген уақыттан бір ай бұрын беріліп қойды.

Желінің жалпы ұзындығы 10,5 шақырымға жетеді. Электр энергиясы тұрғын үйлерге де тартылды. Көшені жарықтандыратын 300 шам орнатылды, барлығы 589 шам болмақ.

Келер жылы ықшам ауданды ЖМК -мен және Самар тасжолымен байланыстыратын автожол аяқталады.

Қоғамдық көлік мәселесіне қатысты тұрғындардың сұрағына обыс әкімі келесідей жауап берді: «әрине, бұл жерде автожол да, қоғамдық көлік те болады. Сіздерден сұрайтыным, жалпы тәртіпті сақтап, қоқысты уақытынжа шығарып, бір-біріңізге сыйлыстықпен қараңыздар!»

«Сіз келгенде, дастархан жаямыз деп едіңіздер». Электр жарығы енді бар, ал дастархан әлі жоқ!» — деп әзілдеді Даниал Ахметов.

Ақсақал Қадырғазы Баймұратов тұрғындардың қазіргі таңдағы мәселелерімен бөлісті: тіпті «Жедел жәрдемнің» өзі 20-шы ықшам ауданның барынан хабарсыз екен, шақыртуларға келмейтін көрінеді. Науқастанып қалған адамдарды ЖМК-дағы емханалар қабылдамай, Меновнойға жібереді.

Аталған мәселелердің барлығын облыс әкімі шешуге уәде етті.