Өскемендегі балабақшада “Біз сенің болашағыңбыз, Қазақстан!” атты концерт өтті

2079
көрілім

Өскемен қаласындағы "Шығыс Балдырған" балабақшасында “Біз сенің болашағыңбыз, Қазақстан!” атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік концертте бүлдіршіндер өнер көрсетті. Шараға құрметті қонақ ретінде ШҚО Білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығының әдіскері Айгүл Қаділбекқызы, Өскемен қалалық Білім бөлімінің әдіскері Салтанат Қинаятқызы және балабақшаның ата-аналар комитетінің төрайымы, ардагер ұстаз Сандуғаш Долданқызы қатысты. 

- Құрметті бүлдіршіндер, ұстаздар, қонақтар! Еліміз тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Біздің балабақшада тәуелсіз Қазақстанның болашақ өскелең ұрпағына сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын. Қазақстанның айбыны асқақ, тәуелсіздігі тұғырлы болсын! - деді құттықтау сөзінде балабақша директоры Фарида Орақбаева.