Өскемендегі Комсомол аралы келешекте қалай өзгереді?

766
көрілім

Өскемен қаласындағы Ертіс өзеніне салынып жатқан көпірдің құрылысы соңына жеткеннен кейін Сол жағалауда жаңадан серуендеуге арналған, спорттық алаңы мен скейт бағы бар аумақ пайда болады. Аумақты абаттандыру бірсыпыра ағаштарды кесуге әкеліп соққанымен, қалалық билік жасыл желектің басым бөлігін сақтап қалуды көздеген, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығында қазіргі таңда Ертіс көпірін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жуықта жөндеу жобасына біршама өзгерістер енгізілген екен. Мәселен, көпірдің көлік өтетін екі жақты бағыты да төрт жолаққа ұзарады. Ал төменгі тұсына влосипед өтетін жолақ салу көзделген. Көпір құрылысы біржолата аяқталғаннан кейін абаттандыру жұмысы қолға алынады.

– Ертіс өзенін бойлай серуендеуге арналған аумақты салу жоспарланған. Екі бірдей спорттық шағын алаң салынады, – делінген жобада.

Осы тұста «ағаштар қырқыла ма?» деген сұрақ туындаған.

– Жоба барынша жасыл желекті сақтап қалуды көздейді. Тек кәрі және шіріген ағаштар сүріледі. Ал қалған ағаштар басқа жерге отырғызылады, – дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Асқар

 «ПК Мостпроект» ЖШС-нің эскизі