Өскемендегі студенттер үйінде «КITAPstyle» студиясы ашылды

578
көрілім

Ұрпағымыздың оқырмандық бейнесін қалыптастыруға, жастарымыздың рухани санасын нығайтуға, жас ұрпақтың тәрбиесіне, біліміне, оқуына, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға арналған жоба аясында студенттер үйінде «КITAPstyle» студиясы ашылды.

Онда жұмыстан немесе оқудан қолдары босап уақыттарын тиімды өткізем деген жастарымыз әр түрлі форматтағы іс-шараларға қатыса алады. Сонымен қатар мұнда өзін-өзін еркін ұстай алатын, кітап оқуға, тіл үйренуге, үйірмелерге қатысуға, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға достарымен кездесуге , жүздесуге мүмкіндіктер орасан зор.

Ашылу салтанатына келген қонағымыз Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Төлемісова Роза Әшімханқызына ізгі лебізін білдірді. Шараға келген қонақтарымыздың бірі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлы өз сөзінде: «Жастар білімдеріңді шындап тұлға болып қалыптасуға үлкен үлес қосатын осындай кітапханаларда жиі жүретін болсаңдар өмірлеріңе үлкен септігін тигізеді, бәсекеге қабілетті жастар ол міндетті түрде кітаптармен дос болуы тиіс»,- деп атап өтті.

«КITAPstyle» студиясының оқырмандарына жас ақындар Серғазы Санжар мен Ернұр Жұматай өздерінің өлеңдерін арнап, кітап оқуға, жастарды шақырды.

С. Аманжол атындағы ШҚ университетінің «Шабыт» студенттер театрының мүшелері жерлес жазушымыз Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Махаббат қызық мол жылдар» романынан үзінді қойылды. Сондай-ақ жастарға арналған тимбилдинг, тренингктер өттіп тұрады.

«КITAPstyle» студиясының ашудағы басты мақсаты студенттер үйіндегі жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал жасай отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың білімге құлшыныстарын арттыру, кітап оқуды ұсыну. Сондай-ақ жастармен бірлесе әр түрлі форматта мәдени іс-шаралар өткізу.

Осы студенттер үйінде кітапхана ашылуына өз үлесін қосып, бізге тегін аудитория берген Азия-Сервис LTD жеке шаруашылық секторының директоры Асет Бауыржанұлына алғысымыз шексіз.