Өскемендегі жылы аялдамалардың бірнешеуін қиратып кетті

390
көрілім
Фото:tengrinews.kz сайтынан

Өскемендегі жылы аялдамалардың бірнешеуін қиратып кетті

Бірнеше павильонда әйнек сынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Күн сайын жылы аялдамаларды бұзақылар бүлдіріп кетіп жатады. Тұрғындар аязды күндері паналайтын осы аялдамалардың қиратылуы соңғы күндері тым жиілеп кеткен. Есік тұтқалары, ауа жылытқыштар мен қаптамасы бұзылды. Үш жылы павильонда әйнек сынған, - дейді «Таза Өскемен»  КМК өкілдері.
Олардың айтуынша, жұртшылықтан қаланың инфрақұрылымын қадағалай жүруді және бұзақылық фактілері туралы полицияға хабарлауды сұрады.