Өскемендік бишілер Мәскеуде өткен чемпионатта хореографиялық топтардың үздік бестігіне кірді

389
көрілім

Өскемендік «FLASH» би тобының қатысушылары «PROJECT 818» биімен Ресей астанасында өткен ауқымды сайыста өз бақтарын сынап, атақты хореографтардың шеберлік сағаттарына қатысып, жақсы нәтиже көрсете білді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемендік топ көрші мемлекеттегі сайысқа баруды көптен бері армандаған, бірақ ол оңайға соққан жоқ.

- Біздің шәкірттеріміздің ата-аналары балаларының басқа да қалаларға шығып өнер көрсетуі үшін барын салады, - дейді «FLASH» би студиясының көркемдік жетекшісі Марина Серохвостова. - Алайда отбасылық бюджеттің шектеулі болуы көптеген оқушыларымыздың қатысудан бас тартуына немесе осы мақсатта несие алуға мәжбүр ететін. Бақытымызға орай, бұл жолы ондай мәселелер орын алған жоқ. Жол шығынын «Казцинк» компаниясы төледі, біз 13-14 жастағы жасөспірімдерден топ құрып чемионатқа аттандық.

Айта кетейік, «FLASH» студиясының қатысушылары тек облысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғап шықты. Себебі сайысқа басқа қалалардан топтар қатыспады. Сайыс нқортындысына сәйкес, өскемендіктер үздік бестіктің қатарынан көрінді.

- Біздің қарсыластарымыз өте мықты болды, - дейді Марина Серохвостова. - Маған хореограф ретінде маған мәскеулік топтың қойылымы өте ұнады. Үзік бестіктің қатарынан көріну біз үшін үлкен жетістік деп білемін. Қазылар алқасы мен басқа да қатысушылар бізге жылы лебіздерін білдірді. Әйгілі хореографтардың шеберлік сабақтары біз үшін тиімді болды.. Мұндай сайыстар өнерлі балалардың дамуына, болашағына елеулі ықпал етеді деп ойлаймын.