Өскемендік донор адам өмірін сақтап қалу үшін ағзасын берді

319
көрілім
Фото: kvd.by сайтынан

Бұл өз кезегін көптен бері күткен поциенттер үшін үлкен мүмкіндік болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Органдарды трансплантациялау оталары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен атап өтті. Оталар жаңа жыл қарсаңында болды.
- Өскемен мен Павлодар қалаларының екі донорының ізгі ниеттерінің арқасында өз кезегін ұзақ күткен 9 науқастың үміті ақталды, - делінген хабарламада.
Барлық ота сәтті өтті. Науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.
Министрлік органдарды трансплантациялауға қатысқан Өскемен және Павлодар қалаларындағы денсаулық сақтау ұйымының барлық медицина қызметкеріне, жол полициясы қызметіне, «ҚТЖ» ҰҚ жолаушылар тасымалы және әуежай басшыларына ауа райының қолайсыздығына қарамастан көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Трансплантолог-хирургтер және олардың командасы аз уақыт ішінде органдарды трансплантациялау  жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып шықты.