Өскемендік құтқарушылар шешесі мен баласын өрттен құтқарып алды

639
көрілім

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік даңғылындағы өрттің салдарынан жоғары қабатта тұратын егде әйел мен баланы автобаспалдақ арқылы түсіруге тура келді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Өскемен қаласының ТЖБ сілтеме жасап.

Өрт оқиғасы 25 мамырда сағат шамамен 17:00 уақытында тіркелген. От лап еткен пәтерде шешесі мен баласы болған. Құтқарушылар оларды сыртқа шығарып, жоғары қабатта тұратын тағы бір егде әйел мен кішкентай баланы автобаспалдақ арқылы түсіріп алды.

Өрт шыққан пәтер иесінің ұлының алақаны күйіп қалды. Құтқарылғаннан кейін оларды қалалық ауруханаға алып кетті, – деп хабарлайды Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметі.

Өрттің қайдан шыққаны анықталу үстінде.