Өскемендіктер «Гаухар лигасының» жеңімпазы Ольга Рыпакованы күтіп алды

535
көрілім
Фотосурет - sportvko.gov.kz сайтынан .

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы оның жанкүйерлері, спорт сүйер қауым мен қалалық билік өкілдері Өскемен қаласының әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғап жүрген жеңіл атлетші бұл жолы да үлкен жеңіспен оралды. 24-ші тамызда Цюрих қаласының «Летцигрунд» алаңында өткен «Гауһар лигасы-2017» шешуші кезеңінде шығысқазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова үздік нәтиже көрсетіп, «алтын» алды. Олимпиада чемпионы 14.55 метр көрсеткішімен жеңіске жетті.

– Туған қалам әрдайым мені құшақ жайып қарсы алады. Өзімнің туған жерім, сүйікті қалам, Өскеменге келгеніме қуаныштымын. Маған барынша қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерім мен жерлестеріме алғысым шексіз. Сіздердің білдірген сенімдеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз маған күш береді. Бұл біздің ортақ жеңіс! – деді өз сөзінде Ольга Рыпакова.