Өскемен-Шемонаиха тасжолында көлік апатынан төрт адам мерт болды

272
көрілім
Фото:24.kz

Оқиға 2 қаңтарда аталған жолдың сегізінші шақырымында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Уварово ауылына бұрылысқа жақын жерде Toyota Corona Premio мен Tayota Vista көліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза болды. Оның екеуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық Кодекстің 345- бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.