«Өскемен-Тәртіп» жолды тазартты

309
көрілім

21 желтоқсан күні қалың қарға батып 5 сағат бойы тұрған жедел жәрдем көлігі туралы жаңа ақпараттар шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Өскемен-Тәртіп» диспетчерінің бас тартқанына қарамастан жұмысшылар мен техника келіп әскери бөлімшенің тракторы көлікті қардан шығарған кезде жолды тазалауға көмектескен.

- Мен таңертең сағат 9.00-де ауысымға шаққан уақытта көлік қарға батып қалған болатын, - дейді жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Валерий Сухарев. - Мен бірден «Өскемен-Тәртіпке» хабарластым, бірақ ол жерде диспетчер келісімшарт жоқ екенін айтып бас тартты. Әдетте олар бізге үнемі көмектесетін, осы жолы бірінші рет бас тартты. Кейін мен әкімдік қызметі — «109»-ға қоңырау шалып жағдайды түсіндірдім. Олар маған бір нөмір берді, бірақ ол кімнің нөмірі екенін білген жоқпын. Сол нөмірге телефон шалғанымда техниканың көмектесетінін айтты. Шыныменде біраз уақыттан кейін техника барып қарды тазалауға көмекке жіберетіндерін айтты. Ол «Өскемен-Тәртіптің» жұмысшылары екенін кейін білдім.

Бас дәрігер алдыңғы тараған ақпарат үшін кешірім сұрайтынын да айтып өтті.