Пойыз жүре бастады

251
көрілім

21 маусымнан бастап Алакөл аймағында орналасқан "Дружба" станциясына Өскеменнен, ал 23 маусымнан бастап Семейден пойыз жүре бастайды.

Бес вагоннан тұратын пойыз төрт күнде бір рет қатынамақ. Облыс орталығынан сағат 16.29-да аттанатын пойыз жолда 16 сағат жүреді.

- Семейден шығатын №161 пойызы Өскемен қаласынан шығатын пойызбен бір уақытта шығып Шар қаласында кездеседі, - дейді Өскемен-1 станциясының вокзал басшысы Елена Ларионова. - Бір составқа біріктірілген олар Ақтоғайда №641 пойызға жалғанып Жалаңашкөлдегі "Дружба" станциясына дейін жеткізіледі.

Билеттерді алдын ала сату 15 маусымда басталды. Өскеменнен Жалаңашкөлге дейінгі плацкарт вагонының билеті — 2864 теңгені құрайды.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ